KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Ұрпақтар сабақтастығы: Әскерилер ардагерге алғыс айтты

Кеше, 14:30 150 Гульжан Мусина

«Жеңіске 100 күн» патриоттық акциясы аясында 27943 әскери бөлімінің басшылығы мен ШҚО Қорғаныс департаментінің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Яковлевич Галоватюкке барып, оған құрмет көрсетіп, қарын күреп, көмек көрсетті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Михаил Яковлевичтің өмір жолы – ерлікке толы. 1943 жылы небәрі 16 жасында еңбек армиясына шақырылып, Иркутскіден Байкалға дейін созылған «Жасыл жолды» салуға атсалысты. 1944 жылы ол Қызыл Әскер қатарына алынып, 579-атқыштар полкінің құрамында Жапонияға қарсы шайқастарға қатысып, автоматшы болды.

- Ардагерлер – тарихымыздың тірі куәгерлері, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс.Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасау – кейінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Осындай игі шаралар арқылы біз олардың ерлігін еске алып, мәңгілікке сақтаймыз, - деді ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы, майор Асет Адамбаев.

27943 әскери бөлімінің сарбаздары мен Қорғаныс департаментінің өкілдері Михаил Яковлевичке ерлігі мен қайсарлығы үшін алғыс айтып, ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тіледі.

Бұл кездесудің аясында әскери қызметшілер ардагердің ауласын қардан тазалап, оған күнделікті тұрмыста қолдау көрсетті. Бұл – ардагерлерге көрсетілген құрмет пен қамқорлықтың жарқын үлгісі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу