KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
510.49 527.29 5.27

ШҚО-да әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша «Борышкер» іс-шарасы өткізілуде

ШҚО ПД

Кеше, 15:30 153 Төлеуғазы Жансая

2024 жылы 10-14 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған республикалық «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында өңір жолдарында полиция қызметкерлерінің, прокуратура өкілдерінің, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылған күннен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын төлеу мүмкіндігі бар. Аталған мерзім өткен жағдайда, толық соманы өз еркімен төлеу үшін 30 күндік мерзім қарастырылған. Белгіленген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылатын болады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға және әкімшілік міндеттемелерді уақтылы орындауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу