Қазақстан әйелдер құрамасы IX Қысқы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
![](/kz/uploads/posts/2025-02/photo_5287307477173530280_y.webp)
Бүгін Харбин-2025 IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті. 4×5 км қашықтықта өткен бұл сында Қазақстан ұлттық құрамасы мәреге Қытайдан кейін келіп, күміс жүлдеге ие болды. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының сапында жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты. Енді
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде жеңіп алған үшінші жүлдесі. Бұған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, ал Олжас Климин қола медаль еншілеген болатын.
Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Фото: Турар Казангапов