Электр қуатының сенімділігі – кәсіби мамандардың еңбегі

Электр энергиясы мен инфрақұрылым саласында жұмыс істейтін мамандардың еңбегі – күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Олардың біліктілігі мен жауапкершілігі тұрғындардың жарық пен жылуға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Біріккен ЭнергоСервистік компаниясы" АҚ Зайсан аудандық электр желісінің электромонтері Ерболат Қажкеев – өз ісінің тәжірибелі маманы. Ол аудан тұрғындарын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіп, желілердің үздіксіз жұмысын қадағалайды. Кәсібіне адалдық пен кәсіби шеберліктің арқасында Ерболат Қажкеев электр жүйелерінің тұрақтылығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
Энергетика саласы үздіксіз бақылау мен ұдайы еңбекті талап ететін күрделі сала. Осындай білікті мамандардың арқасында тұрғындар сапалы қызмет алып, инфрақұрылым жүйесі сенімді жұмыс істейді.