KZ
Өскемен
небольшой снег жел 1 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

Жұмысшы мамандықтар жылы: Байланыс саласына қажетті мамандар тапшылығы (Видео)

pexels.com

10.01.2025, 12:00 381 Төлеуғазы Жансая

Елімізде және аймақта өндіріс орындарын жұмысшы мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін тиімді шаралар қолға алынып жатыр. 2024-2025 оқу жылында 46 мамандық бойынша облыстағы 27 колледж базасында 448 кәсіпорын әлеуметтік серіктестермен бірлесіп, 5000-нан астам студентті қамтитын дуалды оқыту бағдарламасы аясында кадрлар даярлауды жоспарлауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жұмысшы мамандықтар жылында өңірде осы саланың тартымдылығын арттырып, жастар арасында қызығушылықты ояту мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда.

– Қазіргі таңда біздің салада байланыс пен автоматикаға қажетті электр монтерлары, электр слесарьлары, жоғары вольтты жабдықтармен жұмыс істейтін электр мамандары, инженерлер мен шеберлер жетіспейді. Егер біздің компанияны ғана алатын болсақ, қыс мезгілінде 180, жазда 230-240 жұмысшы маман тапшы. Ал облыс көлемінде бұл көрсеткіш 350-ден асады. Оқу орнын бітірген жастар жеңіл жұмыстарды таңдайды. Биылғы жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланып, аймақта тиімді жоспарлар қабылдануда, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл шаралар бір-екі жылда емес, үш-төрт жылда өз жемісін береді деп ойлаймын. Олар болашақта мамандардың біліктілігін арттырып, «үздік жұмысшы», «үздік инженер», «үздік шебер» секілді мәртебеге жетуіне, кәсіби деңгейде жұмыс істеуіне ықпал етеді, – дейді «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ облыстық филиалының директоры Ерболат Әлпиев.


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу