ШҚО-да тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" деректері бойынша, 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Осыған байланысты ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткенде мұқият болуға, жарақат алу қаупін азайту үшін сақтық шараларын қабылдауға тиіс.
Көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін төмендетуі және көлік арасындағы қашықтықты ұлғайтуы қажет. Ауа райы мен жолдардың жағдайы туралы ақпаратты "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек. Тұрғындарға алыс сапарға шығуды кейінге қалдыру ұсынылады,- делінген ТЖД хабарламасында.

Оқи отырыңыз