KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
512.83 600.58 6.36

2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» фермерлерін 200 млрд теңгеге қаржыландырады

pixabay.com

25.02.2025, 17:00 587 Гульжан Мусина

24 ақпаннан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ 200 млрд теңге сомасына 5% мөлшерлемемен «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР АШМ сілтеме жасап. 

2025 жылы «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру шарттары өзгеріссіз қалады. Жылдық мөлшерлеме: 5%, мерзімі: 7 жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем: 10% кем емес.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ бұл бастамасы қазақстандық фермерлерді қолдап, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған. Қолжетімді қаржыландыру ауыл шаруашылығы секторының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы болып табылады. Лизинг бағдарламасы аграршыларға техниканы тиімді жаңартуға мүмкіндік береді, бұл өндірістің жалпы деңгейіне оң әсер етеді.

- Өтінімдерді қабылдау 24 ақпанда сағат 10:00-де  https://t.me/kaz_agro_finance_bot Telegram-бот арқылы басталады. Клиент өтінім бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы»АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет. Қосымша ақпаратты «ҚазАгроҚаржы» АҚ www.kaf.kz ресми сайтынан білуге болады, - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу