KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Шаруалар бастапқы жарнасыз лизингке техника ала алады

pixabay.com

10.02.2024, 19:00 185 Назерке Каримова

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жаңа лизинг бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарлама бойынша 370 млн теңгеге дейін техника алуға болады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпаратына сүйеніп.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жаңа қаржыландыру шарттары бастапқы жарнасыз ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған көліктерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Лизинг шарттары:

  • бастапқы жарна - 0% -дан;
  • сыйақы мөлшерлемесі - 22,75% (субсидиялауды қоса есептегенде 6%);
  • лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
  • қаржыландыру лимиті - 370 млн теңгеге дейін.

Бағдарлама ережелері бойынша лизингке қазақстандық және шетелдік өндіріс техникасы беріледі. Бұдан бөлек, бағдарлама Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған.

- 2023 жылы ауыл шаруашылығына арналған  7 710 бірлік техникана лезинге алуға 178 млрд теңге жұмсалды. Сатып алынған техниканың 54%-ы Қазақстанда жасалған. Оның ішінде жеңілдікті қаржыландыру бағдарламалары аясында 6% жылдық мөлшерлеме арқылы 2023 жылы 46 млрд теңге сомаға 2 838 бірлік техника лизингке сатылды, - деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.


2024 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Өз азығы», «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім», «Жеңілдікті лизинг» бағыттары бойынша жеңілдікті қаржылық лизинг бағдарламаларын іске асыруға 6% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 36,8 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Биыл ақпан айының басында «ҚазАгроҚаржы» жеңілдетілген бағдарламалар бойынша құны 14,8 млрд теңгеге 1310 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінімдер қабылдап үлгерген болатын. Оның ішінде бүгінгі күні 6,8 млрд теңгеге 544 бірлік техниканы сатып алуға қаржылық лизинг шарттары жасалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу