KZ
Өскемен
-14°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады

Фото: muftyat.kz

Бүгін, 15:00 59 Гульжан Мусина

Қазақстан мұсылмандары 1 наурыздан бастап Рамазан айында ораза ұстауды бастайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми түрде хабарлады, деп жазады  Altainews.kz тілшісі Muftyat.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айының басталу күнін бекітті, – делінген ресми хабарламада.

Рамазан – мұсылмандар үшін аса маңызды ай. Бұл кезеңде олар ораза ұстап, намаз оқып, рухани тазаруға ұмтылады.

Рамазан айындағы ең қасиетті түн – Қадір түні (Ләйлатул-Кадр). Биыл ол 26-27 наурызға сәйкес келеді. Ал 30 наурызда мұсылмандар оразаның аяқталуын білдіретін Ораза айт мерекесін атап өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиында биылғы пітір садақаның мөлшері 655 теңге болып бекітілді. Бұл сома ел бойынша 2 килограмм ұнның орташа бағасына негізделіп есептелген.

Қазақстанның әр қаласы мен елді мекені үшін ораза және намаз кестесін мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.muftyat.kz/kk/page/web/ramadan/

 Ержан Әбіш

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу