KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.69 522.23 5.79

Алтай ауданында ауыл туризмі дамып келеді

Бүгін, 10:30 116 Төлеуғазы Жансая

Алтай ауданы, Малеевск ауылында ауыл туризмін дамыту мақсатында 2024 жылы ауыл тұрғыны Александр Катаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5% жеңілдетілген несие рәсімдеп, монша мен демалушыларға арналған орын ашты. Қазіргі таңда екі қонақ үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Бұл бағдарлама бізге үлкен мүмкіндік берді. Несие шарттары өте ыңғайлы, пайызы төмен. Бұл ауылда бизнес бастаймын дегендер үшін керемет қолдау. Мен өз ауылымның туризм саласының дамуына үлес қоса отырып, кәсіп бастаудамын» – дейді Александр Катаев.

Жоба - «AMANAT» партиясының ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды бағдарламаларының бірі. Бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығын қолдауға зор мүмкіндік береді. Жеңілдетілген несие ауыл кәсіпкерлеріне өз ісін ашуға және дамытуға нақты қолдау болуда.

«Ауыл аманаты» аясында ауыл шаруашылық саласында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алтай ауданы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу, ауыл шаруашылық техникасын сатып алу сияқты жобаларға 2,5%-бен 133 млн теңге көлемінде 9 адам несие алып, өз кәсібін бастауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу