KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
501.49 525.71 5.77

Металлургия өндірісіне білікті жұмысшы мамандар қажет (видео)

Бүгін, 12:00 96 Мұқатаева Жанаргүл

Өскемендегі «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ жыл сайын 100-ден астам жас маманды жұмысқа қабылдап жатыр. Металлургия өндірісінде жұмысшы мамандарға деген сұраныс артып келеді. Қаладағы колледждерде оқып жатқан болашақ жұмысшылардың арасында мемлекеттің ғана емес, аталған кәсіпорынның да шәкіртақысын алып оқып жүрген студенттер бар, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Өнеркәсіптік салада маңызды жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласының мектеп оқушылары «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ға барып, өндіріс процесімен танысып қана қоймай, кәсіпорында қызмет етіп жүрген жұмысшылармен кездесті.

Жастарға мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары туралы ақпарат беру, сондай-ақ кәсіпорынның табысты қызметкерлерімен кездесу өткізу арқылы олардың кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын арттыру – іс-шараның басты мақсаты болды. Кездесуге металлургия саласын болашақ мамандығы ретінде қарастырып жүрген қала мектептерінің оқушылары қатысты. ҮМЗ көрме-ақпараттық орталығының директоры Владимир Донцов зауыттың өткені, бүгіні және болашағы туралы әңгімелеп берді.

Ұлдар мен қыздар өндірістегі заманауи жабдықтарды қолданып, жұмыс істеп жүрген еңбек адамдарымен сұхбаттасты.

– Зауыттың бериллий өндірісінде 2018 жылдан бастап аппаратшы болып еңбек жолымды бастадым. 2020 жылдан бері ауысым шеберінің міндетін атқарып келемін. Осы жылдары тәжірибемді молайтып, өз жұмысыма әбден төселдім. Тәлімгерім, бригадиріміз Андрей Федосеев, шыңдалуыма үлкен қолдау көрсетті. Бірнеше рет зауыт басшылығының мадақтамаларына ие болдым, мұны еңбегімнің жемісі деп білемін. Білікті әрі білімді жастар – ел дамуының болашағы, ал металлургия өндірісі – экономикамыздың негізгі саласы, – дейді зауыттың бериллий өндірісінде еңбек етіп жүрген жас маман Шыңғыс Оразов.

Фото: Аяужан Утеулинова

Видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу