Жұмысшы мамандықтар жылы: өңірде кәсіби кадрлар даярлау жүйесі өзгермек (ВИДЕО)
«Казцинк» ЖШС кәсіпорнында «Жұмысшы мамандықтарын дамыту: перспективалар мен мүмкіндіктер» тақырыбында болашақ жас мамандармен кездесу өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау туралы бастамасын іске асыру, сондай-ақ өңірде жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мен қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесіне реформа жасау қажеттігін атап өткен еді:
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазерев, білім басқармасының өкілдері, жас мамандар мен колледж студенттері қатысты.
Кездесуде жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, білім беру мекемелері мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық, жастар арасында кәсіптік білім беруді насихаттау сияқты маңызды мәселелер қозғалды.
«Казцинк» ЖШС өкілдері компанияның жас мамандарға жасап жатқан мүмкіндіктері туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Жас мамандар Жансая Жанболатова, Аян Самигуллинов және Владислав Смирнов өндірістік тәжірибе мен теориялық білімнің үйлесімділігін атап өтті.
Кәсіпорында еңбек етіп жатқан жұмысшы мамандардың орташа жалақысы 700 мың теңге шамасында. Бұл жұмысшы мамандықтарын меңгерудің болашағы зор екенін көрсетеді.
«Казцинк» компаниясы колледж түлектеріне жұмысқа орналасуда қолдау көрсетіп, дуалды оқыту жүйесін тиімді енгізуде. Бұл жастардың кәсіби біліктілігін арттыруға және тұрақты еңбекпен қамтылуына ықпал етуде.
Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев:
Кездесу білім беру мекемелері мен өндіріс орындары арасындағы серіктестіктің маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жанаргүл Мұқатай
Фото: Аяужан Утеулинова