Өскемен ЖЭО: Алғыс айту күні құтты болсын! (видео)

1 наурыз – мейірімділік пен ризашылықтың мерекесі! Алғыс айту күні – ел бірлігін нығайтып, өзара құрмет пен достықты дәріптейтін ерекше күн. Осыған орай, Өскемен Жылу электр орталығы баршаңызды айтулы мерекемен құттықтайды.
– Бұл күн – жақсылыққа толы жүректен шыққан алғысымызды білдірудің тамаша мүмкіндігі. Біз қоғамның дамуына үлес қосып жүрген әр адамға, өз еңбегімен қала тұрғындарына жылу сыйлайтын қызметкерлерімізге, сенімді серіктестерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Өскемен ЖЭО өз ісіне адал мамандардың еңбегін жоғары бағалайды. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – қала тұрғындарының жайлы өмір сүруінің кепілі. Сонымен қатар, болашаққа ұмтылған, өзін-өзі дамытуға, жаңа жетістіктерге жетуге талпынған жастарға ерекше алғысымызды айтамыз! – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз