KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО әкімі тұрғындарды Алғыс айту күнімен құттықтады

1.03.2023, 09:55 222 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

Бүгін келісім мен сыйластықтың, рухани ізгілік пен жылулықтың мерекесі - Алғыс айту күні, деп Altaynews тілшісі.

- Дәл осы күні біз қоғам үшін еңбегі өлшеусіз жандарға, көмекке зәру болғандарға мейірімділік танытатын азаматтарға, жылулық сыйлайтын туғандарымыз бен жақындарымызға алғыс айтамыз. Барлығымыз үшін ерекше құрметке ие, зор алғысқа лайық жандар - дәрігерлер, мұғалімдер, тәртіп сақшылары мен құтқарушылар екені даусыз. Жауапкершілігі зор, бірақ еңбектері көпшілікке көріне бермейтін зауыттағы мамандар, шаруа қожалықтары мен фермаларда жұмыс істейтін адамдар, үнемі көмекке дайын тұратын еріктілер де жоғары алғысқа ие. Осы күні әр отбасына бақыт, татулық пен қуаныш тілеймін! Өмірімізді жақсартып, жанымызға жылулық сыйлайтын адамдарға жанашыр әрі мейірімді бола білейік. Алғыс айту күні құтты болсын, - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу