KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1 м/с, С
496.71 531.33 5.55

Экология: ШҚО-да қандай шаралар қолға алынды?

Кеше, 13:50 151 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық мәселелерді шешу және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша белсенді шаралар қабылдануда. Ең маңызды бағыттардың бірі – өңірдегі экологиялық мәселелерін кешенді түрде шешу, оған атмосфералық ауаны қорғау, су ресурстарын сақтау, қалдықтарды басқару және басқа да тәсілдер кіреді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 

ШҚО-ның 2023-2025 жылдарға арналған экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы 7 бөлімнен және 66 іс-шарадан тұрады. Негізгі бағыттар – атмосфералық ауаны қорғау, су ресурстарын сақтау және қалдықтарды басқару. Бірқатар маңызды қадамдар жүзеге асырылды: ластану деңгейін онлайн бақылау жүйесі енгізілді, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жабдықтары жаңғыртылды, қоғамдық көлік жаңартылды, сондай-ақ облыс қалаларында көгалдандыру жұмыстары күшейтілді.

– Ең ірі жобалардың бірі – коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу. Қазіргі уақытта мұндай бағдарламалар тек Өскемен қаласы үшін әзірленген, алайда облыстың басқа қалалары үшін әзірге қаржыландыру қарастырылмаған, – деп атап өтті ШҚО Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Азамат Тауырбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Экологиялық бағдарламаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту және жаңа нысандарды, соның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар мен тазарту құрылыстарын қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу маңызды. Қазіргі кезде қалдықтарды неғұрлым тиімді және қауіпсіз басқару үшін инфрақұрылым құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар экологиялық жағдайды бақылау шаралары да назардан тыс қалмайды. Өскемен қаласында 2024 жылы көлік құралдарына 114 тексеріс жүргізіліп, шығарылатын газдардың рұқсат етілген деңгейден асуы анықталды. Бұдан бөлек, су нысандарын тоқсан сайын бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде су құрамында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асуы байқалмаған.

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу