Шығыста тұман күтіледі

Фото: pexels.com
«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 1 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қаласында түнде және таңертең көру мүмкіндігі нашарлауы мүмкін.
Мұндай ауа райы жағдайында көлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін сақтап, қашықтықты ұлғайтуға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер тайғақ жолда жарақат алмау үшін сақтық шараларын қолдануы қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу ұсынылады.
Оқи отырыңыз