KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
505.15 550.31 5.89

ШҚО-да борышкерлерге қатысты кең ауқымды рейд басталды

Фото: altainews.kz

Кеше, 16:30 64 Төлеуғазы Жансая

13-15 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында әкімшілік айыппұл төлеу міндеттемелерін орындамаған азаматтарды анықтауға бағытталған республикалық «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

Шара аясында өңір жолдарында полиция қызметкерлерінің, прокуратура өкілдерінің, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтер ұйымдастырылуда.

ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес, құқық бұзушылар әкімшілік хаттама толтырылған күннен бастап 7 күн ішінде айыппұлдың 50%-ын төлеуге мүмкіндігі бар. Бұл мерзім өтіп кеткен жағдайда, толық соманы ерікті түрде өтеу үшін 30 күн беріледі. Әйтпесе, айыппұл мәжбүрлі түрде өндіріп алынады.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы сақтауға және әкімшілік міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады,- деді ШҚО ПД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу