KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
496.41 542.77 6.05

20 наурызда Өскемендегі Қан орталығы ашық есік күнін өткізеді

Фото: Облыстық денсаулық басқармасы

Бүгін, 16:00 60 Әбішев Ержан

Наурыз – тек көктем мен жаңа жылдың бастауы ғана емес, жақсылық пен қайырымдылықтың, бірлік пен мейірімнің мерекесі. Осы ұлық мереке қарсаңында 20 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығы ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ізгілікке үндейтін бұл шара науқас жандарға өмір сыйлау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Донор болу – бір адамның ғана емес, тұтас тағдырдың өзгеруіне себеп болатын игі іс. Ғылым қанша жерден дамыса да, адам қанын алмастыратын препарат әлі күнге дейін табылған жоқ. Сондықтан әрбір тамшы қан – шынайы көмек пен үміттің символы.

Шара барысында мерекелік көңіл күймен бірге келушілерге дәмді тағамдар ұсынылып, тосынсыйлар дайындалған. Ұлттық киім киіп келген қонақтар ерекше қошеметке ие болмақ.

Қан орталығы барлық Өскемен тұрғындарын, қала қонақтарын осы шараға белсенді қатысуға шақырады.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11. Қан тапсыру уақыты: 08:30–13:00 аралығы (түскі үзіліссіз). Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып баруыңыз қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу