Онкологиялық орталық ашық есік күнін өткізеді – Өскемен
Фото: klike.net
Облыс орталығында қатерлі ісіктің алдын алуға және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтпек.
Мамандар қала тұрғындарын 30 наурызда таңғы 9:00-ден түскі 13:00-ге дейін қабылдайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көпсалалы онкология және хирургия орталығындағы ашық есік күні ішек пен әйелдердегі қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтауға бағытталған. Бұл күні тұрғындар терапевтің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталық мамандарының кеңесін ала алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7(7232)48-91-51, +7-778-003-78-45.