24 тамыз күні ШҚО ауруханалары Ашық есік күнін өткізеді
24 тамыз күні өңіріміздегі барлық орталық аудандық ауруханалар Ашық есік күнін өткізбек. Бұл жөнінде облыстық Онкология және хирургия копсалалы медициналық орталығы хабарлады.
Бұл күні онколог мамандар таңғы сағат 9.00-ден түскі 13.00-ге дейінгі аралықта бауырда түзілетін окологиялық ауруларды анықтауға күш салатын болады.
Дәрігерлер асқорту жұмысының бұзылуы, іштің кеуіп, ыңғайсыздықтың сезілуі, жүрек айну, оң жақ қабырғалар астының ауырсынуы, терінің сарғыштануы, тез шаршау, салмақ жоғалту сияқты ауру белгілері бауыр обырының белгілері болуы мүмкін екенін айтады. Сондай-ақ В, С гепатиттері бойынша инфекционист маманның тіркеуінде тұрған адамдардың да сақ болғаны жөн.
Ашық есік күні азаматтар онколог маманға емхана дәрігерлерінің жолдамасын алмай-ақ тікелей келіп тексерілуіне болады.
Қосымша ақпаратты 8 (7232) 70-59-76, 74-26-98, 70-59-22 және 74-28-35 алуға болады.