KZ
Өскемен
ясно жел 2 м/с, ОШ
500.32 545.3 6

ШҚО-ның жаңа әуежайлары: басымдық халықаралық және ішкі рейстерге беріледі  

Фото: pixbay.com

18.03.2025, 21:40 105 Әбішев Ержан

Әуежайлар дизайнын әзірлеу барысында билік өкілдері кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындардың пікірін ескеретін болады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Зайсан мен Катонқарағайда жаңа әуежайлар салу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

– Біз әуежай аумағын шамадан тыс жүктемеуден аулақ боламыз, – деді Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

Жаңа әуежайларда туристерге ақпараттық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады. Осы мақсатта әуежай аумағында визит-орталықтар орналастырылады.

– Әуежайлар Қытай мен Ресейдің шекаралас аймақтарына дейінгі орташа қашықтықтағы рейстерге, сондай-ақ еліміздің ішкі әуе қатынасына бағытталады деп жоспарлап отырмыз, – деп қосты Ардақ Мәдиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу