KZ
Өскемен
ясно жел 2 м/с, ОШ
500.32 545.3 6

«Әсем ән мен тәтті күй»: Өскеменде оқушыларға арналған концерт өтті (Видео)

Кеше, 14:30 102 Серік Құсанбаев

Наурыз мерекесі қарсаңында ШҚО филармониясы облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Өскемендегі мектеп оқушыларына арнайы концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Концерт басталмас бұрын оқушыларға есірткінің зияны туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, Есірткіге қарсы күрес департаментінің бөлім бастығы Сағатбек Бақытбекұлы балаларға тәуелділіктің ауыр салдары туралы айтып, нақты мысалдар келтірді.

– Біз жыл бойы қала мектептерінің оқушыларына арналған бірнеше абонементтік концерт өткіземіз. Басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың руханиятқа, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, – деді филармонияның бас әкімшісі Мирас Төреханұлы.

Концерт барысында «Алтай» этно-фольклорлық ансамблі (жетекшісі – мәдениет саласының үздігі Арай Букеева) мен «Әлем сазы» вокалды-аспаптық ансамблі (жетекшісі Мирас Төреханұлы) оқушыларды әсем ән мен тәтті күйге бөледі. Сонымен қатар, жекелеген оқушылар сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті.

Фото/видео: Ермек Жиенбеков


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу