Шығыс жұрты елорда күнін тойлады
Фото: egemen.kz
Шығыс жұрты Астана қаласының 25 жылдығын«Ертіс концерттің»үлкен залында «Асқақтаған елорда» атты мерекелік концертпен атап өтті.
Іс-шара барысында мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың бұйрығына сәйкес өнерпаздарға “Халықтық” және “Үлгілі” атағы берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш марапатты Глубокое ауданының “Асыл мұра” вокалды ансамблі, Алтай ауданының “Воля” казак ансамблі, Глубокое ауданының “Айзада” балалар би ұжымы, Күршім ауданының “Әдемі-ай” би ансамблі, Шемонаиха ауданының “Юность” би ұжымына, Өскемен қаласының “Ақтолқын”, “Арабеск”, “Еркетай” би ұжымдарына табысталды.
Концерттік бағдарламада ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі, Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алтай» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Big band» джаз оркестрі, «Алтай» халық би ансамблі, «Alem sazy» вокалды-аспаптық ансамблі, «An.Sal.Dar» тобы және «Ертіс концерт» солистері өз өнерлерін көрсетті.
Айта кетелік, облыстағы “Ертіс концерт” ұжымы мерекелік іс-шарамен концерттік маусымды аяқтады.