ШҚО-да екі күн ішінде 1100-ден астам құқық бұзушылық тіркелді (видео)
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан полицейлері 1100-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Олардың 150-ге жуығы қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішумен байланысты.
Сонымен қатар, жеті жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды.
Олардың бірі – қала тұрғыны полицияға күйеуінің масаң күйде рөлге отырғанын хабарлаған жағдай.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел әрекет етті: бейнебақылау жүйесінің көмегімен патрульдік полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының инспекторларымен бірлесіп, көліктің тұрған жерін анықтап, оны Өскемен қаласының көшелерінің бірінде тоқтатты.
Көлікті тізгіндеген 33 жастағы ер адам болған. Ол көлікті масаң күйде басқарғаны аздай, 2030 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Медициналық куаландыру оның алкогольдік мас күйін растады.
Тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, көлік айыппұл тұрағына қойылды, ал күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция масаң күйде көлік жүргізу – бұл тек заңды өрескел бұзу ғана емес, сонымен қатар айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп екенін ескертеді!