Жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған – ШҚО
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
Өскемен қаласында 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған.
Өскемен қаласының ПБ-на кешкі патрульдеу барысында Опытное поле бағытындағы жолда ВАЗ 21060 көлігі тоқтатылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көлікті 2000 жылы туған азамат басқарғаны анықталды. Көлік тізгіндеген жігіттің жеті жылға көлік басқару құқығынан айырыла тұра, “орташа дәрежелі” масаң күйде көлік құралын басқарғаны анықталған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.