Ұлттық спорт күні: Риддерде көкпар мен аударыспақ жарыстар өтті (видео)
20 наурыз Ұлттық спорт күні ретінде кең көлемде аталып өтуде. Осы айтулы күнге орай Риддерде қалалық командалар арасында ұлттық ат спорты түрлерінен – көкпар мен аударыспақтан жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жарыс алаңында шынайы жігер мен ептілік, батылдық пен намыс сынға түсті. Ат үстіндегі айла мен қайрат, шабандоздардың шеберлігі көпшілік көңілінен шықты. Әсіресе көкпар додасы рухты көтеріп, ерлік пен бірліктің көрінісіндей әсер қалдырды. Аударыспақта да қатысушылар бар күшін салып, жауынгерлік рухты паш етті.
Көрермендер жарыстың әр сәтін зор қызығушылықпен тамашалап, ұлттық ойындарымыздың маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді. Көкпар шабысы мен аударыспақ айқасы Риддер аспанын жаңғыртып, Наурыз думанын жаңа леппен толықтырды.