KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
504.34 556.34 5.97

Өскемендегі онкоорталықта ашық есік күні өтеді

27.03.2025, 12:00 211 Әбішев Ержан

29 наурызда, яғни алдағы сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында тоқ ішек пен жатыр мойыны қатерлі ісігін алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз-ақ жетекші онколог мамандардан кеңес алуға мүмкіндік бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келуіңіз қажет.

Онкоорталықтың мекенжайы: Өскемен, Потанин көшесі, 6-үй, 1-корпус (емхана).
Байланыс нөмірлері: 8 778 003 78 45, +7 (7232) 48-91-51.

Сонымен қатар дәл осы уақытта облыстағы барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында да ашық есік күні өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу