Тегін тексерілуге болады
Фото: онкоорталықтың баспасөз қызметінен
2024 жылғы 23 қарашада сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында өкпенің, ұйқы безінің және қуық асты безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Бұл күні азаматтар орталықтың жетекші мамандарынан дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек,- деді орталықта. Онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ашық есік күні стационарда өтеді.
Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 2-корпус.
Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.
Айна Ескенқызы
Оқи отырыңыз
Омырау обыры: қашан және қайда тегін тексерілуге болады?Бүгін ШҚО-да сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтедіОблыс тұрғындары бас және мойын ісіктеріне тегін тексеріледіОнкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді – ШҚООмырау обыры: өскемендік дәрігерлер тексеруден өтуге шақырады