Ашық есік күні: ШҚО дәрігерлері жолдамасыз қабылдайды
Фото: onko-vko.kz
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында 3 ақпанда сағат 9.00-13.00 аралығында қатерлі ісіктің алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл күні облыс тұрғындары онкохирург, маммолог, онкогинеколог, лор-онколог, онкоуролог және онкодерматолог сияқты орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады.
Ашық есік күніне кез келген адам дәрігердің жолдамасынсыз, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан бара алады.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Мекенжайы: ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы, Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1-корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше.
Байланыс телефондары: 8(7232) 48-91-51, 8-778-003-78-45.
Айжанат Бақытқызы