KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями Штиль
516.91 586.33 6.3

Өскеменде экологиялық екі айлық басталды

5.04.2025, 20:45 329 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында экологиялық екі айлық бастау алды. Бұл акция 31 мамырға дейін жалғасады. Қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған кең ауқымды шара шаһардың сыртқы келбетін жақсартумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Акцияның мақсаты – санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, рұқсатсыз пайда болған қоқыс үйінділерін жою, көшелерді, аулаларды, қоғамдық орындарды көгалдандыру және тұрғындарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде атсалысуға шақыру.

– Қаламызда тазалық орнатып, табиғатты сақтау және Өскеменді өмір сүруге қолайлы ете түсу – тек бірлесе әрекет еткенде ғана мүмкін. Барша тұрғындарды — еңбек ұжымдарын, жастарды, кәсіпкерлерді және бейжай қарамайтын жандарды сенбілікке қатысып, ағаш отырғызып, туған өлкемізді абаттандыруға өз үлесін қосуға шақырамын, – деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Екі айлық аясында әр апта сайын сенбіліктер өткізіледі. Оған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар, мектеп оқушылары, студенттер мен белсенді азаматтар қатысады. Аулалар, саябақтар, скверлер, жағалаулар, демалыс орындары мен қала маңындағы жасыл аймақтар тазартылып, ретке келтіріледі. Ағаштар мен бұталар отырғызуға ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша:

    •    315 текше метр қоқыс шығарылды;
    •    1000-нан астам адам сенбілікке қатысты;
    •    23 арнайы техника жұмылдырылды;
    •    25 965 шаршы метр аумақ тазартылды;
    •    48 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу