KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОБ
512.83 600.58 6.36

Өскеменде сенбіліктер басталады: 5 сәуірден 31 мамырға дейін

depositphotos.com

4.04.2025, 14:30 426 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы 5 сәуір мен 31 мамыр аралығында Өскеменде санитарлық тазалау жұмыстарына арналған екі айлық жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл шараның басты мақсаты – Өскемен қаласын таза, көрікті әрі жайлы ету.

– Құрметті қала тұрғындары, кәсіпорындар мен мекеме басшылары!
Сіздерді қаламыздың игілігі үшін сенбілік жұмыстарына белсенді атсалысуға, сондай-ақ өз аулаларыңыз бен аумақтарыңызда тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға шақырамыз, – дейді ұйымдастырушылар.

Алғашқы жалпықалалық сенбілік 5 сәуір күні (сенбі) таңғы 09:00-де басталады. Кейінгі сенбіліктер әр апта сайын, сенбі күндері, 31 мамырға дейін өткізіледі.

Қаламыздың көркеюі – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Бірлігіміз бен жанашырлығымыз арқылы шын ниетімізді іспен көрсетейік.

Сіздің белсенділігіңіз – Өскеменнің жарқын, таза келешегіне қосылған үлкен үлес.

 Ержан Әбіш

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу