KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1,7 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Ұландықтар Шалқар көлінің жағалауын тазалады

8.05.2024, 12:44 46 ALTAINEWS

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен аумақтарды абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған.

​Осыған орай 8 сәуірде экологиялық науқан басталды. Іс-шара 11 мамырға дейін жалғаспақ, яғни 5 аптаға созылады. Әр аптаның өз тақырыбы мен нақты мақсаты бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

​Акцияның мақсаты – халық арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштік, туған жерге және қоршаған ортаға деген жанашырлық пен құрмет құндылықтарын дәріптеу.

«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Ұлан ауданындағы Шалқар көлінің аумағы тазартылып, көшет егу жұмыстары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Дұбағалы көлінің жағасында тазалық жұмыстары жүргізілуде.  Науқанға 500 адам жұмылдырылған.

«Бүгінгі іс-шара өзен-көлдер мен тоғандар жағалауындағы қоқысты жинауға, бұлақтардың маңын тазартуға және абаттандыруға бағытталған. Игі іске тұрғындарды, әсіресе жастарды тарту – мақсатымыз, – деп мәлімдеді Ұлан ауданының әкімдігі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив