KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
514.94 583.74 6.13

Сотқа шақырылдыңыз ба? Қатысу – міндетіңіз

pexels.com

7.04.2025, 14:00 157 Төлеуғазы Жансая

Сот өндірісіндегі істерді әділ әрі уақтылы қарау үшін сот процесіне қатысушылардың уақытында келуі маңызды. Бұл міндетті қамтамасыз ету сот отырысының хатшысына жүктелген. Ол заңды тұлғалар мен азаматтарға сотқа шақыру қағаздарын, хабарламаларды жіберіп, сотқа шақырылған тараптардың уақытында келуін ұйымдастырады. Бұл сот отырыстарының белгіленген мерзімде және кедергісіз өткізілуін қамтамасыз етеді.

Өндіріске түскен және қарауға тағайындалған істер мен материалдар бойынша сот отырысының хатшысы сотқа шақыру қағаздарын, хабарламалар (ескертулер), ұялы байланыс арқылы аудиохабарламалар жіберіп, сот процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғаларды, қоғамдық қорғаушыларды, кейбір жағдайларда аудармашыларды шақырады. 

Сотқа шақыру қағазында, хабарламада соттың атауы мен нақты мекенжайы, сот отырысының өтетін уақыты, орны, істің атауы, сотқа шақырылатын немесе хабарланатын тұлғаның аты-жөні, не болмаса хабарлама жіберілетін орган немесе заңды тұлғаның атауы және оның істегі мәртебесі көрсетіледі. 

Үйқамақта (ҚПК 146-бап) немесе қамауда (ҚПК 147-бап) отырған күдіктіге қатысты сот осы тұлғаны қадағалайтын органға немесе лауазымды тұлғаға, ал қамаудағы адамға қатысты – тергеу изоляторына сот отырысына айыпталушыны жеткізу туралы талап жолдайды. 

Сот хабарламалары мен шақырулар іске қатысатын тұлғаларға, сондай-ақ қоғамдық қорғаушыларға мәтіндік хабарлама түрінде ұялы байланыс нөміріне, электрондық поштаға, сондай-ақ хабарлама немесе шақырудың жеткізілгенін растайтын басқа да электрондық байланыс құралдары арқылы жіберіледі. 

Хабарлау формасын таңдауда сотқа шақырылған адамның келуін қамтамасыз ететін және хабарламалар мен шақыруларды қайталамауды болдырмайтын ең оңтайлы нұсқа пайдаланылады. 

Телефонограмма жіберілгенін растайтын құжат іс материалдарына тіркеледі. 

Хабарламалар мен шақырулар сотқа шақырылған адамның сот отырысына ұялы байланыс арқылы қосылуына жеткілікті уақыт қалатындай мерзімде жіберілуге тиіс. 

Істі қарау басталар алдында сот отырысының хатшысы сотқа шақырылған тұлғалардың (ұялы байланыс арқылы қосылуын) қатысуын тексеріп, олардың келмеу себептерін анықтап, қамаудағы күдіктілердің жеткізілуін қадағалап, судьяға баяндауға тиіс. 

Егер сот отырысына қатыспаған тұлғалар белгіленген уақытта қатыса алмайтындарын хабарлап, соттан олардың қатысуынсыз қарауды сұраса, бұл туралы телефонограмма жасалып, іс материалдарына тіркеледі. 

 

Анар Белгібаева,

Өскемен қаласы мамандандырылған тергеу сотының 

бас маман – сот отырысының хатшысы 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу