KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 3 м/с, В
514.94 583.74 6.13

Өскемендегі бес шағын ауданда мектептер мен балабақшалар салынады

gov.kz

7.04.2025, 14:30 172 Әбішев Ержан

Облыс орталығында бес тұрғын ауданды дамытуға арналған ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Жақын арада мұнда жаңа балабақшалар, мектептер, медициналық ұйымдар, спорт нысандары мен көріктендірілген демалыс аймақтары пайда болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов бес перспективті ауданның дамуына ерекше назар аударатынын айтты. Олардың қатарында 22, 24, 26 тұрғын аудандар, сондай-ақ Нұрлы жол мен Спорт аудандары бар.

22 тұрғын ауданының аумағы 327 гектардан асады. Жақын арада бұл аудан инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етілмек. Қазір осы аумақты абаттандыру және желілер құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ауданда 6 мектеп (4 405 орындық) және 10 балабақша (2 218 орындық) салынбақ.

24 тұрғын ауданының аумағы 426 гектардан асады. Мұнда 6 мектеп (7 560 орындық) және 14 балабақша (5 090 орындық) салынады. Сондай-ақ ауданда 750 орынға арналған балалардың бос уақытын өткізу орталығы бой көтереді.

26 тұрғын ауданы 67 гектарды қамтиды. Нұрлы жол ауданының аумағы 82 гектарды құрайды. Мұнда 1 200 орындық мектеп, 230 орындық 4 балабақша және 4,8 мың шаршы метр алаңды хоккей модулі салынады.

Спорт ауданының аумағы 95 гектардан астам. Бұл аудан да абаттандырылып, 600 орындық мектеп, 2 балабақша және 1 медициналық мекеме бой көтереді.

– Шағын аудандардың дамуы тұрғындардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартып, оларды заманауи білім беру, медициналық және спорттық нысандармен, сондай-ақ көріктендірілген қоғамдық кеңістіктермен қамтамасыз етеді, – деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімінің аппараты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу