ШҚО-да әскери инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріледі
ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сапар аясында генерал-лейтенант облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановпен кездесіп, өңірдің қорғаныс әлеуетін күшейту, аумақтық қорғаныс құрылымдарын жарақтандыру және әскери дайындалған резервті даярлау мәселелерін талқылады.
Өскемен гарнизонында орналасқан Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы механикаландырылған құраманың қызметімен танысып, бөлім командирінің баяндамасын тыңдады.
Қорғаныс істері жөніндегі департаменттегі жұмыс барысында генерал-лейтенант әскерге шақыру комиссиясының ұйымдастырылуына, медициналық тексеру мен психологиялық тестілеудің сапасына ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, Өскемендегі әскери-техникалық мектеп филиалында оқу процесінің барысымен және материалдық-техникалық базамен танысты. Курсанттармен әңгімелесу кезінде олардың жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы пікір алмасты.
Жұмыс сапарының қорытындысында Сұлтан Қамалетдинов гарнизондардың әскери инфрақұрылымын дамыту, әскери нысандарды техникалық жарақтандыру және жеке құрамға арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВнокласснРСвЂВВВРєРСвЂВВВ
- Telegram
- Viber