ШҚО-да найзағай мен қатты жауын-шашын күтіледі

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 9 сәуірге қараған түні облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Ал оңтүстік пен батыс аймақтарда найзағай ойнап, жел күшейеді. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
– Найзағай кезінде үйде болған жөн. Терезе мен есікті жауып, электр құрылғыларын тоқтан ажыратыңыз.
Егер көшеде болсаңыз, металл заттардан (қоршаулар, шатырлар, сымдар) алыс жүріңіз.
Күшті жел кезінде ағаштардың астына, аялдамалардың артына тығылмаңыз. Тербелетін немесе құлауы мүмкін заттарға жақындамаңыз.
Жолда абай болыңыз: көлік жүргізсеңіз, жылдамдықты азайтып, ара қашықтықты сақтаңыз. Егер төтенше жағдай болса, "112" нөміріне хабарласыңыз,- дейді ШҚО ТЖД өкілдері.

Оқи отырыңыз