KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Ертең ШҚО-да найзағай ойнайды

pexels.com

22.06.2024, 20:00 64 Назерке Каримова

Ертең, 23 маусымда, облыстың бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жел күшейеді, деп Altainews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Жел оңтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік шараларын еске салады:

  •  найзағай кезінде үйде болған жөн, терезені, есіктерді, түтіндіктерді жауып, электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
  • металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;
  • желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.

Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив