KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 2 м/с, С
522.19 606.42 6.47

Шығыс Қазақстанда найзағай және жоғары өрт қауіпі күтіледі

Фото: depositphotos.com

29.07.2024, 10:11 348 Ержан Әбіш

«Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 29 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскеменде түнде найзағай ойнауы мүмкін.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

- найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте есік-терезелерді, түтіндіктерді жабыңыз, электр құрылғыларын қуат көзінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;

- металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;

- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;

- өрт қауіптілігі жоғары кезде табиғат аясында және үй жанындағы жерлерде от жағуға болмайды;

- отпен абай болыңыз.

Төтенше жағдай кезінде «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу