KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
518.34 591.06 6.27

ШҚО-да Туризм басқармасы құрылмақ

10.04.2025, 10:00 164 Әбішев Ержан

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХХ сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Енді өңірде тағы бір жаңа ведомство Туризм басқармасы ашылады.

Айта кетейік, бұған дейін туризм саласын ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қадағалап келген. Алайда облыста туризм мәселелерімен арнайы айналысатын жеке органның қажеттілігі туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын.

Қазіргі кезде өңір шетелдік туристер ағынын арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқандықтан, жаңа басқарманың атқарар міндеті ауқымды болмақ.

Туристерді тарту мақсатында «Шығыс салбурыны» бүркітшілер фестивалі, «Аяз Ата мен Ақшақар», «Altai Fest» және қысқы «Бұқтырма балықшысы» сынды ауқымды шаралар өткізіліп келеді.

Сонымен қатар жаңа басқарма алдында қонақ үйлер мен шағын мейманханалар санын арттыру, жол бойындағы қызметті дамыту, жаңа туристік бағыттарды әзірлеу сынды міндеттер тұр.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу