Жол бойында 14 сервистік нысан пайда болады – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы негізгі автомобиль трассаларының бойында санитарлық-гигиеналық торабы бар 14 сервистік нысан пайда болады.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақовтың айтуынша, өңірде туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жоба қолға алынуда. Солардың бірі – облыстың туристік аймақтарына апаратын жолдардың бойында санитарлық-гигиеналық тораптар салу жобасы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, биыл өңірге турист тарту мақсатында «Қызылтас тауына шығу» (сәуір), «Bukhtarmafest» (қыркүйек), бүркітшілер фестивалі (қараша) және басқа хайкинг іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр екен.