KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ның туристік аймақтарында инфрақұрылымның жаңа нысандары пайда болады

3.07.2024, 11:20 192 Мадина Амангелдіқызы

2023 жылы және осы жылдың басында өңірдегі туристік бизнесті дамыту мен туристік инфрақұрылымды жақсарту үшін бірқатар ірі шаралар қабылданған болатын.

Олардың қатарына халықаралық форумдарға қатысу, мемлекеттік қолдауды енгізу, ақпараттық қолжетімділікті жақсарту және инвесторлармен белсенді қарым-қатынас орнату секілді шаралар кіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлік жіне индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиевтің айтуынша, ҚХР-дағы «Қазақстан туризм жылы» аясында облыс делегациясы Бейжің қаласындағы форумға және Шанхай қаласындағы «ITB China» халықаралық туристік көрмесіне қатысты, онда қытайлық кәсіпкерлер мен туроператорларға өңірдің туристік мүмкіндіктері таныстырылды. 

Сондай-ақ өңірді танымал ету мақсатында жергілікті «туризм вендорларының» қатысуымен «2023 Бүркіт фестивалі» және «Altai Fest – Өрлеу» ауқымды брендтік іс-шаралар өткізілді, оған

Екі мыңнан астам адам қатысқан. Жыл соңына дейін «2024 Бүркіт фестивалі» және «Swim fest» өткізу жоспарланып отыр.

Салық органдарымен және прокуратурамен бірлесіп туристік бизнес арасында «көлеңкелі бизнестің» жолын кесу және салық резервтерін анықтау үшін көшпелі консультативтік-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Биыл мамыр айында Алтай, Самар, Үлкен Нарын ауылдарында бірқатар семинарлар өткізілді, оның барысында кәсіпкерлерге салық органдарында тіркеу есебі, бақылау-кассалық машиналарды қолдану, салық есептілігінде табыстар мен жалдамалы жұмыскерлердің көрсетілу тәртібі, туризм объектілеріне салық салу бойынша заңнаманың ережелері айтылды.

Туристердің жүріп-тұруының жайлылығы үшін санитарлық-гигиеналық тораптары бар жол бойындағы сервис объектілерінің орналасқан жері анықталды. Сонымен қатар аудандық әкімдіктермен және КазАвтоЖол филиалмен бірлесіп, қарау алаңдарын, кемпинг тұрақтарын, демалыс орындарын орнату үшін қосымша орындарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Одан бөлек, басқарма туризм саласындағы инвесторлармен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен жобаларды іске асыру бойынша

Австриялық «PKF Hospitality» компаниясымен Катонқарағай ауданының туризмді дамытудың шеберлік жоспарын әзірлеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. «ТОR’RE» компаниясы 8,3 млрд. теңге сомаға бес жұлдызды қонақ үй салмақшы.

Өскемен қаласында фуникуляр салу және тау шаңғысы кластерінің шеберлік жоспарын әзірлеу бойынша швейцариялық «Bartholet» компаниясымен меморандум жасалды. Ал қонақ үй бизнесінің ірі халықаралық операторы «Pana Asia» компаниясымен Алматы және Астана қалаларымен әуе қатынасын жолға қою үшін Катонқарағай ауылындағы қолданыстағы әуеайлақты қайта құру мәселесі пысықталып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу