KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Өскеменде «Таза ойындар» өтеді

Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

11.04.2025, 11:00 563 Төлеуғазы Жансая

12 сәуірде Өскемен қаласында «Таза ойындар» экологиялық жобасы басталады. Бұл жоба - қаланың аумағын қоқыстан тазарту мен экологиялық ағартушылық мәдениетін дамытуға бағытталған командалық жарыс.

Қатысу үшін екіден төрт адамға дейін команда жинап, @clean_games_ukg парақшасының шапкасында көрсетілген мобильді қосымша арқылы тіркеліп, белсенді жұмысқа ыңғайлы киіммен келу қажет.

Жиналу орны: Назарбаев көшесі, 83/1
Командаларды тіркеудің басталуы: 10:00

«Таза ойындар» квест форматында өтеді. Командалар қоқыс жинап, оны сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады. Әр жиналған және сұрыпталған килограмм үшін қатысушыларға ұпай беріледі. Қосымша ұпайларды ерекше заттар – «артефактілерді» табу немесе арнайы тапсырмаларды орындау арқылы алуға болады.

Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталады. 1 орын – 100 000 теңге, 2 орын – 80 000 теңге, 3 орын – 60 000 теңге. Сондай-ақ қатысушыларға қайта өңделген шыныдан жасалған кубоктар мен медальдар табысталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу