Өскеменде "Таза ойындардың" жеңімпазы анықталды
Облыс орталығында «Таза ойындар» акциясының соңғы кезеңі өтті. Қоршаған ортаға қомарлық көрсетуге үндейтін шараның үшінші кезеңінде студенттер қалашығындағы «Ровесник» аялдамасының маңы қоқыстан тазартылып, жеңімпаздар анықталды.
Үш кезең бойынша барлығы 1189 қап қоқыс жиналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Таза ойындар» акциясының мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл акция былтыр да ұйымдастырылып, жоғары нәтиже берген болатын. Тек биыл жарыс ережелеріне өзгеріс енгізілген.
– Былтыр әр ойын сайын жүлде қоры тағайындалып, бір ғана турдан өткізілсе, осы жылы тазалық акциясы үш кезеңге бөлінді. Осы үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтап, жүлде қорын табыстап отырмыз, – дейді “Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы" қалалық еріктілер фронт-офисінің жетекшісі Айдана Қуанышбаева.
«Таза ойындар» акциясының бірінші кезеңіне сегіз команда қатысып, 530 қап қоқыс жинаған, ал екінші кезеңінде 452 қап қоқыс жиналған. Сондай-ақ, акцияның үшінші кезңінде де қатысушылар белсенділік танытып, 216 қап қоқыс жинады.
Үш кезеңнен кейін экологиялық акцияның қортындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде “Черная пантера” командасы 1 орын иегері атанып, 400 мың теңге сыйақыға ие болды. Ал "Капитан Америка" командасы 2 орынды еншілеп 300 мың теңге, "Бэтмен" командасы 3 иегері атанып 100 мың теңге алды.
Осылайша қаланың белсенді жастарының еңбегі бағаланып, қаланың біраз аумағы қоқыстан арылды.