KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
515.02 604.22 6.5

Өскеменде ата-аналарға арналған республикалық форум өтіп жатыр (видео)

11.04.2025, 12:00 497 Серік Құсанбаев


Өскеменде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Кемелдікке бастар бес қадам» атты республикалық ата-аналар форумы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Форумының мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен қоғамдағы бес басты кеселді отбасы мен бала тәрбиесіне әсерін саралау. Ата-аналармен бірлесе отырып, осы мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру, отбасы институтының рөлін нығайту және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру үшін тиімді әдістерді талқылау.
 
Форумға аудандық білім бөлімі тәрбие жөніндегі әдіскерлер, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, республиканың, облыстың әр аумағынан келген ата-аналар комитеті және ата-аналар қатысты.
Жиналғандарды форумның ашылуымен құттықтаған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев аталмыш форумның бала тәрбиесінде алатын орнының маңыздылығын айырықша атап өтіп, форумды ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

- Бала тәрбиесі – еліміздің болашағы үшін өте маңызды мәселелердің бірі. Себебі еліміздің кез келген бүгінгі жас буын өкілі – мемлекетіміздің болашақта көркейіп-көктеуіне, кемелденіп нығая түсуіне өз үлесін қосатын азамат. Ертеңгі күні еліміздің өркендеп-өсуіне өз үлесін қосатын кез келген баланың тәлімі мен тәрбиесі отбасынан, білім алып жатқан мектебінен басталады. Біз осы мәселеге ерекше ден қоюымыз керек, - деді өз сөзінде Ербол Жолдасбекұлы.

Алқалы жиында сөз алған Қырғызстан Республикасының ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы, аудармашы Қиялбек Ақматов, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, ақын аудармашы, педагог Саят Қамшыгер өз баяндамаларында бала тәрбиесінің қоғамдағы мәні мен маңызына, отбасы құндылықтарына тоқтала келе, форумды өткізуге қолдау білдірген Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

«Өмір беру мен алудан тұрады» дейтін болсақ, біз ата-аналар мен мектеп ұстаздары беруші, ал, балалар алушы рөлін атқаратындығы айтпасақ та, түсінікті. Сондықтан ең алдымен бізді «Мен балама нендей тәрбие, қандай үлгі-өнеге беріп жатырмын?» деген сұрақ ойландыруы керек» - дейді өз ойымен бөліскен Дархан Өте.

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу