Психологтар кәсібилікті арттыруға арналған вебинарға қатысты – ШҚО
Фото: Шартты сурет
ШҚО білім басқармасы облыстағы білім беру мекемелері психологтарының кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша шараларға баса назар аударып отыр.
4 мамырда облыстың жетекші психологы Лилия Куземко балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша вебинар өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгінгі таңда облыстағы 342 мектепте 357 психолог жұмыс атқарып отыр. Сонымен қатар құрамында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері бар әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыс істейді.
Қатысушылар шеберлік сабағының аясында оқу орындарында педагог-психологтың рөлін нығайту және консультативтік дағдыларды арттыру бойынша пәрменді құралдарды меңгеріп, ата-аналардың балаларды қолдау дағдыларын нығайтуда біліктілігін жетілдірді.