Жаңа туған нәрестені құтқару үшін ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды (видео)
Шұғыл медициналық көмек қажет болған жаңа туған нәрестені құтқару үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы пайдаланылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Олег Алфеев, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері Асхат Қуанышбаев пен Лариса Величко МИ-8 тікұшағында Шемонаиха қаласынан Өскеменге жаңа туған қызды шұғыл түрде жеткізу үшін арнайы рейс жасады.
Баланың өмірін құтқару мақсатында жасалған бұл әуе тасымалы аса жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асты. Ұшқыштар мен дәрігерлердің жедел әрекеті мен үйлесімді жұмысының арқасында рейс қиындықсыз өтті. Қазір кішкентай науқас Өскемен қаласындағы медициналық мекемеде тиісті ем-дом алуда.
ШҚО ТЖД