KZ
Өскемен
-17°
туман жел 2 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Жаңа туған сәби ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде Өскеменге жеткізілді

21.04.2025, 10:00 400 Төлеуғазы Жансая

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының ұшқыштары Руслан Агламбеков пен Олег Алфеев жаңа туған нәрестені Риддер қаласынан Өскеменге шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Медициналық эвакуация "Ми-8" тікұшағы арқылы жүзеге асырылды.

Ұшу кезінде санитарлық авиация дәрігерлерінің бригадасы балаға қажетті медициналық көмек көрсетіп отырды. Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді және кәсіби әрекетінің арқасында ұшу сәтті өтіп, сәби Өскемендегі медициналық мекемеге уақытылы жеткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу