KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ұлттық ұланда патриоттық челлендж басталды

15.04.2025, 18:30 200 Ержан Әбіш

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтпек. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі патриоттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде бастау алған ерекше челлендж, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласындағы бөлім сарбаздары бұл бастаманы жандандыру мақсатында бес шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Мақсат – ел қорғау борышының маңызын сезіну, жауынгерлік рухты көтеру, тарихи жадымызды жаңғыртып, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Шара барысында әскери бөлімнің жеке құрамы сап түзеп, ұйымшылдықпен белгіленген қашықтықты еңсерді. Жеңіл жүгіріспен рухты көтерген ұрандар іс-шараның мазмұнын аша түсті. Бұл арқылы жауынгерлер ерлік пен батырлықтың өлшемі болған ардагерлерге тағзым етіп, олардың жанқиярлық ерлігін ұлықтады.

Спорт – денсаулық кепілі. Бұл жүгіріс біз үшін тек жаттығу емес, тарих алдындағы құрметімізді білдірудің бір жолы. Батыр бабаларымыздың ерен еңбегі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі буын оларды мақтанышпен еске алады, – дейді 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Нұрбек Асылханов.

Іс-шара челлендж ретінде жалғасып, Ұлттық ұлан құрамындағы Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөліміне жолданды. Осылайша, бұл патриоттық эстафета басқа әскери құрылымдар арасында кеңінен таралып, елге деген сүйіспеншілік пен жауынгерлік рухтың жарқын үлгісіне айналмақ.

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу