Шығыс Қазақстанда алаяқтар коммуналдық қызметкер ретінде халықты алдап жүр
pexels.com
Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар жаңа әдіспен әрекет ете бастады. Олар тұрғындарға телефон шалып, өзін коммуналдық қызметкер ретінде таныстырып, халықтың сеніміне кіреді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.
Соңғы уақытта алаяқтар өңірлік электр компаниясының атынан шығып, тұрғындарға электр есептегіштерін тегін ауыстырамыз деп алдайды.
Алаяқтар сенімге кірген соң, тұрғындардың телефонына жіберілген СМС-хабарламаның кодын сұрап алады. Бұл код арқылы олар азаматтардың атына бірден несие рәсімдеп жібереді.
"Біздің қызметкерлер ешқашан тұрғындарға хабарласып, код сұрамайды. Бұл - алаяқтардың әрекеті, сондықтан да жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігін сақтауға мұқият болыңыздар," - деп мәлімдеді "ӨЭК" АҚ өкілдері.
Оқи отырыңыз
Алаяқтықтың жаңа түрі: электр есептегіштерін ауыстыру туралы қоңырауларАлаяқтар "Өскемен су арнасы" кәсіпорны қызметкері болып қоңырау шалатын болғанИнтернет алаяқтықтың жаңа түрі шықтыШҚО: алаяқтар ХҚКО-дан қоңырау шалатын болдыШҚО-да алаяқтар банк картасынан ақша ұрлаудың жаңа әдістерін ойлап табуда