KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 2 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Қазтелерадио алаяқтар туралы ескертті

Фото: legal-fortress.com

25.06.2024, 12:11 51 Айжанат Бақытқызы

«Қазтелерадио» АҚ қазақстандықтарға компания атынан хат жазып, қоңырау шалатын алаяқтардың күшейгені туралы ескерту жасады. Алаяқтар ақша немесе жеке мәліметтерді алуға тырысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Белгісіз нөмірлер мен сайттардан қоңырау шалушылар «Қазтелерадио» АҚ басшылығының немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің атынан өздерін таныстырады.

«Біз компанияның барлық қызметкерлері мен серіктестерін қырағылық пен жауапкершілікке шақырамыз. Өздерін компания басшыларымыз деп мәлімдеген белгісіз нөмірлерден келген хабарламалар мен қоңырауларға жауап бермеңіз. Кәсіпорын басшылығынан немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (министрліктердің) қызметкерлерінен келіп түскен болжамды сұраулар бойынша құпия деректерді, құжаттарды немесе қаражатты жібермеңіз»,- деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ.

Мұндай хабарламалар мен қоңыраулар түскен жағдайда нөмірді бұғаттап, Қазтелерадио Қауіпсіздік қызметіне хабарлау қажет:

8 (727) 244 45 00, ішкі. 1160.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив